Спикерлер

Джеффри Сакс
Колумбия Университеті Жер Институтының директоры

2015 жылы Джеффри Сакс «қоршаған ортаның жаһандық мәселелерін шешудегі елеулі үлесі үшін» берілетін жапондық марапат «Көгілдір ғаламшар» сыйлығына лауреаттардың бірі атанды. Американдық «Тайм» журналы Джеффри Саксты 100 ең беделді әлемдік көшбасшылардың қатарына екі мәрте қосты. «Нью-Йорк Таймс» оны «әлемдегі ең маңызды экономист» деп атады, ал «Тайм» Саксты әлемдегі ең танымал экономист деп таныды. The Economist журналының пікірі бойынша, ол соңғы он жылдықтың ең беделді экономистердің үштігіне кіреді.
Профессор Сакс Колумбия Университетінің Жер Институтының директоры болып саналады, сондай-ақ, ол орнықты даму саласының және Колумбия Университетінің денсаулық сақтау саласында саясат және басқару Профессоры. Джеффри Сакс БҰҰ-ның Бас Хатшысы Пан Ги Мунге орнықты даму жөніндегі мәселелер бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, ол кезінде Мыңжылдықты Дамыту Мақсаттары бойынша Пан Ги Мун мен БҰҰ-ның бұрынғы Бас Хатшысы Кофи Аннанның кеңесшісі болған. Сондай-ақ, Сакс БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунның жетекшілігімен орнықты дамудың шешімдерін шығару үшін жүйелер БҰҰ Орталығының директоры қызметін атқарады.
«Кедейшіліктің ақыры: Біздің заманымыздың экономикалық мүмкіндіктері» (2005), «Достастық: Халқы тым тығыз ғаламшар үшін экономика» (2008*), «Өркениет құны» (2011) және «Орнықты даму дәуірі» (2015) секілді кітаптардың авторы.
Профессор Сакс экономикалық даму, әлемдік, макроэкономика бойынша жетекші әлемдік сарапшылардың бірі болып танылды, сондай-ақ, ол кедейшілікпен күресу жолында сарапшы ретінде де танымал. Ол 30 жылдан астам Америка, Еуропа, Азия, Африка және Орта Шығыс елдерінің мемлекет басшыларын экономикалық стратегия мәселелері бойынша кеңес берді.
Джеффри Сакс 20-дан астам құрметті лауазымдармен қатар, көптеген халықаралық сыйлықтар мен марапаттарды иеленді. Профессор Сакс Лондондағы Financial Times, International Herald Tribune, Scientific American және Time журналы секілді ірі басылымдарда мақалалар жариялап тұрады.
Колумбия Университетіне келгенге дейін, Сакс өмірінің жиырма жылын Гарвард университетінде халықаралық сауда профессоры қызметіне арнаған. Мичиган штатындағы Детройт қаласының тумасы. Сакс бакалавр, магистр және доктор дәрежесін Гарвард университетінде алды.